Ресей студенттері қазақша үйреніп жүр

Санкт-Петербургте Еуразия, Африка және Латын Америкасы елдерінен келген жас журналистер, режиссерлер, фотографтар мен блогерлер бас қосты, деп хабарлайды 24KZ.

Арасында қазақстандық креативті индустрияның өкілдері мен қазақ тілін үйреніп жүрген ресейлік студенттер де бар. Халықаралық медиафорум аясында олар қазақ тілін меңгерудің қыр-сырын сөз етіп, бұл істе төл мәдениеттің рөлі мен маңыздылығына ерекше тоқталды.  

Арина Бобкова, Мәскеу мемлекеттік лингвистика университетінің түлегі:

- Мен студенттерді қазақ мәдениетімен таныстырамын. Мен – орыспын. Мәскеуде дүниеге келдім. Мен қазақ тілін жақсы көремін, әрине. Ол өте қызықты, өте әдемі.