"Жайлы мектеп". Алматы облысында 53 мектеп салынады
Мәжіліс депутаттары Қаскелең қаласындағы 1500 орындық білім ошағының құрылысын көрді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 53 мектеп салу жоспарда тұр. Соның 10-ы Қарасай ауданында бой көтереді. Өңірде 26 мыңнан астам оқушыға орын жетіспейді.
Жаңа мектептерді сапалы жиһазбен жабдықтау да маңызды- дейді мамандар. Сондықтан, жергілікті өндіріс цехтарына тапсырыс береді. Қаскелеңдегі жиһаз цехы былтыр 2 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Отандық үлесті арттыру және дайын өнімді сату аумағын кеңейту бағытында әлі де ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс.
Максим Рожин, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Биылдың өзінде, осы екі жылда 369 «Жайлы мектеп» жобасы іске асып жатыр. 369 мектеп салынуы керек, биыл 217-сі тапсырысқа беріледі. Сондықтан осы сияқты өндірістер сол мектепке жалпы жиһаз апаратын бір жағынан. Екінші жағынан, осы жерде жұмыс істейтін азаматтарға қолдау. Президент айтып отыр, біз айтып отырмыз, көп жағдайда біз отандық өнімді алуымыз керек, отандық өндірушіні қолдауымыз керек.