Су шайған білім мекемелерін қалыпқа келтіруге 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді

Су тасқынынан зардап шеккен мектептер мен балабақшаларды қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаражат бөліңді.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Оған қоса Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жаңа нысандарды салу жоспарлануда. Бөлінген қаржы оқу жылы басталғанға дейін зардап шеккен ғимараттарды жөндеуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, Үкімет басшысы инфрақұрылым мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру қарқынын жеделдетуді тапсырған болатын. Сондай-ақ туындаған қиындықтар туралы да үнемі хабардар етілетінін ескерткен.