Қазақстанда мың мектеп жаңғыртудан өтеді

Биыл жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгінде Ақмола, Алматы, Жетісу мен Павлодар облыстары балаларды мектепке толық қабылдап болды. Өтінім беру 31 тамызға дейін жалғаса береді. Бүгінде елімізде 8 мың шамасында мектеп бар. Қазір білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін мың мектеп жаңғыртудан өтсе, тағы мың арнайы кабинет ашылады. Яғни, робототехника, химия, билогия, физика, STEM секілді заманауи пәндік кабинеттер жаңадан жабдықталатын болады. Сонымен қатар инклюзивті білім беруге де ерекше назар аударылып отыр. «Бұл шаралар ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайтуды көздейді», – дейді мамандар.

Мереке Амангелдіқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі:

- Арнайы білім беру ұйымдарының желісі де артып келеді. Инклюзивті оқыту үшін жағдай жасаған мектептердің саны 88% дейін, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау орталығымен қамту 80% дейін артты. Инклюзивті білім беруге жағдай жасау бойынша қосымша талаптар әзірленді.