Жердегі экожүйе Айға көшірілмек

Жердегі экожүйе Айға көшірілмек

Ғалымдар Айда жер шарындағы биоалуандылықты сақтайтын орын салуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы олар «Bioscience» журналында жариялады. Солтүстік мұзды мұхиттағы Шпицбергенде жердің түкпір-түкпірінен жиналған өсімдік тұқымдарының қоймасы бар. Жануарлардың тіндері мен жасушаларының үлгілері үшін мұндай орын жоқ. Ал олардың жер бетінде жойылып кету қаупі жоғары. Сол себепті зерттеушілер табиғатты қорғау институтымен бірігіп репозиторий құру бастамасын ұсынды. «Ай – ауқымды жоба үшін қолайлы жер. Онда жанартау атқылауы, цунами, мұздың еруі сияқты табиғи апаттар болмайды», – дейді мамандар.