Жезқазғандық оқушы Абайдың 100 өлеңін жатқа оқиды
Жезқазғандық оқушы Сәбина Сламғали Абайдың 100 өлеңін жатқа біледі, деп хабарлайды 24KZ.
Дарынды шәкірт қалалық, облыстық Абай оқуларында бірнеше мәрте жүлде алған. Ұлы ақынның шығармашылығына бүлдіршін кезінен қызығушылық танытқан ол болашақта Абай мұрасын зерттеуге ден қойсам дейді.
Сәбина шығармашылығын шыңдау мақсатында жазғы демалыс кезінде де мектеп кітапханасына келуді әдетке айналдырған. «Себебі терең мағыналы туындыларды қайталап тұрмаса, қарайып қалуым мүмкін», – дейді
Ұлы ақынның бұл өлеңін Сәбина 2-сыныпта оқып жүргенде жаттаған. №8 гимназияның 9-сыныбын аяқтаған ол қазір Абайдың 100 өлеңін жатқа біледі.
Сәбина Сламғали, оқушы:
- Бала кезден бастап Абай Құнанбайұлының барлық өлеңдерін сүйіп оқитынмын. 5-6-сыныптан бастап Абай өлеңдерін жатқа оқыдым. Менің ойымша, жастарға рух беретін, өшпес мұра болған және түсінікті тілмен жазылған. Сол себепті мен Абай өлеңдерін жаттадым.
Өлеңді жаттау бір басқа, оны жүректен өткізіп, мағынасын ұғыну маңызды. Бұл ретте Сәбинаға мұғалімі Думан Сәдірислам бағыт-бағдар береді. Ұстазының жетекшілігімен өнерлі оқушы бірталай байқауға қатысқан. Өткен жылы облыстық Абайтану олимпиадасы мен Абай оқуларында жүлдегер атанды. Ендігі меже – республикада топ жару. Ол үшін ұстаз бен шәкірт ақын шығармаларын түгел меңгерсек дейді.
Думан Сәдірислам, №8 гимназияның мұғалімі:
- Жасырын технологиясы жоқ. Оқышының тарапынан өзіне деген сенімділік және еңбеккқорлық болса, процесс жақсы жүреді. Сабина карантин уақытын жақсы пайдаланды. Сол уақытта өзі үйде жатып, Абайдың 60 шақты өлеңін жаттады. Одан кейін 100 өлеңнің жартысын, яғни мектепке шыққаннан кейін бірге айына 10-20 өлең қосып жаттап, оқу жылының соңында Абай оқуларына қатыстық.
Абайдың ой-тұжырымдары әлі күнге өзектілігін жойған емес. Замандастарының сөз өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында Сәбина ақын шығармаларын насихаттауға ден қойған. Ол қазір гимназия жанынан құрылған телестудияда ақын мұраларынан оқушыларға арналған контент әзірлеп жүр.
Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев.