Қазақстандағы мектептердің 88%-і инклюзивті білім беруге дайын

Еліміздегі мектептердің 88%-і инклюзивті білім беруге дайын.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға тиісті жағдай жасалған. Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ арнайы кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді. Бүгінде білім ошақтарында 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Жалпы инклюзивті білім беретін мектептер әр балаға жеке қолдау көрсете отырып, бірегей қабілетін дамытуға жағдай жасайды.