Еліміздегі жоғарғы оқу орындары креативті индустрияға бет бұрды

Еліміздегі жоғары оқу орындары креативті индустрияға бет бұрып жатыр. 

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті енді осы салада мамандар дайындайды. Бірнеше жаңа факультет ашылады. Бүгін шығармашыл орта үшін креативті индустрия паркі жұмысын бастады. Соған орай Киноиндустрия форумы өтті.

Бізде бастамашыл, жаңаша ойлайтын қолынан іс келетін жастар баршылық. Солардың бірі Сәуірбек Артықбай. Өзі сияқты оншақты жігіт компания құрып киноиндустрияға қадам басып жатыр. Бірігіп кино түсіруді жеңілдететін бағдарлама ойлап тапқан. Онда 20 қосымша бар. Сценарий жазудан бастап локация таңдау, музыка қою, актер таңдау бәрін жасанды интеллект атқарады. Бюджетіне дейін санап береді. Әрине адамның көмегімен. 

Сәуірбай Артықбай, машиналық оқыту инженері:

- Сценарийдің текстін береміз сол сценарий арқылы біздің AI сол сценарийді анализ жасап талдайды. Оның ішіндегі маңызды кілт сөздерді алады. Сол кілт сөздер арқылы логический бөліктерге бөліп әр кадрларға бөліп сол кадрларды пайнт арқылы сурет салып береді. Раскадровканы адам емес AI жасайды. 

Креативті индустрия паркінде осындай шығармашыл жандар бас қосатын болады. Жобаларын ұсынады. Таныстырады. Олардың дүиелерін қолданатын кәсіпкерлер мен бизенес иелері де осыннан табылады. Яғни бұл жер инновацияны ынталандыруға оны жүзеге асыруға арналған диалог алаңы болады. 

Ғани Нығыметов, университет ректоры:

- Американдық профессорлар келеді. Сабақ береді дәріс береді. Бүкіл оборудование дейміз ғой, камера, студия американдық стандартпен жасаймыз. Осы жерде солардың рекомендациясын жасап, осы жерде бір креативті  мектеп жасаймыз. Келесі жылы креативті жаңа мамандықтар бойынша жаңа мектеп ашылады. 

Онда жасанды интеллект, робототехника, кино, анимация, цифрлық ойындар бойынша мамандар әзірлейді. Креативті индустрия паркі New York Film Academy оқу орынымен бірге жұмыс істейді. 

Дэн Маклер, New York Film Academy президентінің орынбасары:

- Қазақстандық жастардың талабы зор. Мені қуантқаны жастар ұлттық мәдениетті, өнерді дамытқысы келеді. Соны креативті индустриямен байланыстырсам дейді. Сіздерде киноиндустрия даму кезеңіне шықты. Міне көріп шықтық. Қаншама стартап жобалар ұсынып отыр. Біздің университетті қазақстандық 400-ге жуық адам бітіріп шығыпты. Барлығы кәсіби мамандар. Біз өз тарапымыздан тәжірибе алмасуға әзірміз. Мамандарды бірігіп дайындаймыз. 

Креативті индустрия паркі мегаполис іргесіндегі Қаскелең қаласында орналасқан. Бәрі ойдағыдай болса шығармашылық еңбек арқылы қазынаға мол пайда түседі. Креативті экономика дамиды. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов