Елімізде мұғалімдер оқулықты өзі таңдайтын болды

Қазақстанда мұғалімдер оқулықты өзі таңдайтын болды, деп хабарлайды 24kz.

Ол үшін Республикалық ғылыми-практикалық орталық арнайы платформа жасаған. Е-tandau.gov.kz деп аталатын жабық ресурсқа педагогтар мен мектеп директорлары, методикалық бірлестіктер мен кітапханашылар, білім басқармалары ғана кіре алады. Аталған жүйе, қазір Астана мен Қостанай облысының 20 мектебінде сыналып жатыр.