1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің шәкіртақысы өседі

Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік төлем енгізілді, деп хабарлайды 24kz.

Бүгінде 9 мыңнан астам жұмысшы 1,7 млрд теңге көлемінде аталған төлемді алды. Бұл туралы Премьер-министр мәлімдеді. Олжас Бектенов «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, Президенттің Жолдаулары мен сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Үкіметтің жұмысы туралы айтты. 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 млрд долларға дейін жеткізу міндеті тұр. Экономика құрылымын түбегейлі өзгерту бағытында белсенді шаралар қабылданып жатыр,-деді Олжас Бектенов. Ал Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов  мемлекеттің негізгі әлеуметтік міндеттемелері толық орындалып жатқанын айтты.

Сондай-ақ «Amanat» фракциясының депутаттары Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы идеясын толық қолдайды. «Amanat» партиясы осы науқанды Үкіметпен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізуге атсалысатынын жеткізді.