1700 үздік оқушы мұғалімдікті таңдады

Биыл ұстаздық жолын таңдаған мектеп түлектерінің саны артты. 1700 жастың педагогикалық мамандыққа таңдау түскен.

Педагогикалық оқу орындарына қабілетті жастарды қабылдау керек. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында осылай деді.

Иә, мамандар даярлауда жастардың талапты, қабілетті болуына баса назар аударғанымыз жөн. Және бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан еді президент. Мұны оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Әлия Ерғалиқызы да растайды.

Әлия Чокушева, Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің басқарма басшысы:

- Мектеп бітіруші түлектердің ішінде мына алтын белгі иелері былтырғы жылмен салыстырғанда 1300 мектеп бітіруші түлек пед мамандықты таңдаса, биыл 1700 бала, алтын белгіге бітірген түлектер ЖОО-да пед мамандықты таңдап, келіп жатыр. Ол өте жақсы көрсеткіш. Алдағы уақытта біз мектептерде сапалы білімі бар осы пед салаға, білімге деген ынтасы мен қызығушылығы жоғары жас мұғалімдерді күтудеміз.