Ақтөбеде ғалымдар АЭС құрылысы мәселесін талқылады

Ақтөбеде ғалымдар елімізде атом электр стансысын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір Қазақстанда құрылыс қарқыны жоғары. Ірі қалаларды айтпағанда облыстық маңызы бар шаһарлардың өзінде электр жарығын тұтыну деңгейі күрт өскен. Себебі аймақтарда ауқымды кәсіпорындар іске қосылып, энергия көзіне сұраныс артып отыр. Сондықтан электр тапшылығы мәселесін шешуді кейінге қалдырмаған жөн», – дейді сарапшылар. 

Университетте өткен дөңгелек үстелде физиктер мен биологтар, эколог мамандар атом электр стансысының қоршаған ортаға әсері мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын талқылады. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүнкеев қазіргі таңда ядролық атом электр стансылары құрылысына заманауи, жаңа технологиялар қолданылатынын айтады. Ғалым «Референдум нәтижесіне сай ел аумағында мұндай алпауыт энергия көзі салынатын болса, станцияда қызмет ететін мамандарды даярлауға аса көңіл бөлу қажет», – деген пікірмен бөлісті.

Қуанышбек Шүнкеев, «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының директоры:

- Қай жерде де маман жұмыс істеу керек. Яғни ол құрылыс мәселесімен бірге маманды бірдей дайындайтын болу керек. Маман қандай атом электр стансысы құрылады, сондай кластағы, сондай буын дейміз, үшінші буын дейміз ғой, немесе қазір төртінші буын жоқ, соған ұмтылатындай заманауи атом электр стансысында жұмыс істейтін маман болуы керек.