ШҚО-дағы кентте қазақ мектебінің құрылысы таяуда аяқталады
Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма кентінде жалғыз қазақ мектебінің құрылысы аяқталуға жақын қалды.
Үш айдан соң оқушылар заман талабына сай білім ошағында оқиды. Қазір балалар 50 жыл күрделі жөндеу көрмеген, кезінде балабақша ретінде салынған аядай мекемеде білім алып жүр. Қалың жұрт күткен қазақ мектебі қалай салынып жатыр?
130 қазақ баласы оқып жүрген Жаңа Бұқтырма кентіндегі мектептің түрі осы. Кезінде балабақша ретінде салынған. 50 жыл күрделі жөндеу көрмеген ғимарат еңсені басып, ескі заманды еске салады. Іші көне парталар мен құрал-жабдықтарға толы. Дәлізі тар. Ең қиыны-жауын шашында шұрық тесігінен су сорғалап,қыста азынап кететіні тағы бар. Білім ордасы тек мұғалімдердің күшімен ғана қалқайып тұр.
- Мына қабырға әлі тұр,сол шұрық тесігімзід Абай атамыз өзі жауып тұр.
Қазір жаңа мектептің салынып жатқанын көріп жүрген мұндағы жеткіншектердің қуанышында шек жоқ.Бәрі де сол нысанға көшетін күнді асыға күтуде.
Әнуар Айырбай, оқушы:
-Өйткені ол осы мектептен жаңа ал мынау мектеп болса, біраз ескілеу. ол сырты да күшті іші де.
Расымен де салынып жатқан мектептің сән-салтанаты келіскен.200 балаға арналған ғимарат мұғалімдерге де, оқушыларға да ыңғайлы. Мердігерлер бір жыл ішінде бүкіл межеден шығып жатыр.
- Помимо стены у нас еще утеплитель 20 см школа будет теплая и надежная.
Басталғалы бері ауысымдық жұмыс ұйымдастырылып, құрылыс үздіксіз жүргізіліп келеді.Қазір 80 проценті аяқталды.
Алексей Ведерников, мердігер компанияның бас инженері:
- Мектеп толықтай заман талабына сай салынып жатыр.Компьютерлік сыныптар мен денешынықтыру залы,тіпті оқушылардың тынығатын алаңына ең соңғы үлгідегі ыңғайлы жабдықтар қойылады. Ауланы да абаттандырып береміз.
Мектеп директоры Ерлан Жанпейісов құрылыс басына күн сайын келеді. Әр кірпішінің дұрыс қаланып, сапалы болуын қадағалаумен жүр. Айтуынша, жаңа қазақ мектебінде оқитындар саны болашақта артуы мүмкін.Өйткені қазірдің өзінде өзге білім мекемелерінен тіпті көршілес аудандардан өтініш түсіп жатыр.
Ерлан Жанпейісов, №1 Бұқтырма мектебінің директоры:
- Ата-аналар жаңа мектептің бітуін тосып отыр,қалай бітеді барлығы осы мектепке балаларын қазірден бастап даярлап отыр. Кез келген оқушыға кез келген ата анаға келем деушілер болатын болса есігім ашық, педкадр толығымен қамтамасыз етілген.
Мердігер компания желтоқсан айының соңында құрылысты аяқтап, мектепті пайдалануға береміз деп сендірді. Айта кету керек, осы Алтай ауданында соңғы рет жаңа білім ордасы осыдан он жыл бұрын салынған.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов