Жетісуда жайлы мектептер салынып жатыр

Жаркентте 1200 оқушы екінші тоқсанды жайлы мектепте бастайды. 

Шекара шебіндегі елдімекенде жаңа мектеп салынып жатыр. Нысан құрылысына жемқорлықпен істі болғандардан тәркіленген 7 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды. 10 бөліктен тұратын ғимаратта бастауыш сынып оқушылары бөлек оқиды. Жоғары сыныптағылар жеке блокта білім алады. Мекемеде зертханалық кабинеттер мен қатар екі спортзал қарастырылып отыр. Жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында робототехника, дизайн, ән-би, қолөнер және спорттық үйірмелер ашылады. Былтыр басталған құрылыстың басым бөлігі аяқталған.

Әсет Тұрсынов, учаске басшысы:

- Қазіргі таңда жобамыз 67 пайзыға істелінген. Бүгінгі таңда 202 адам жұмыс істеп жатыр. Енді Алла жазса осы уақытылы объектімізді тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Айгүл Дәрубаева мектеп директорының міндетін атқарушы

- Мектеп қазақ тілінде бір ауысымды. Себебі екінші ауысымда балалар өзінің сүйікті пәндерімен және ақысыз үйірмелерге қатысуға мүмкіндігі болады.