Мемлекет жас ғалымдардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектеседі

Қазір жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне ғана емес, тұрғын үй жағдайын жақсартуға да мемлекет тарапынан қолдау қарастырылған, деп хабарлайды 24KZ.

Олардың бүгінде 300-ге жуығы жеңілдетілген несиемен баспанаға ие болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі айтты. Дархан Ахмед-Закидің сөзінше, жастардың ғылыммен айналысуына барлық жағдай жасалған. Ғылымның өзін дамытуға миллиардтаған қаржы бөлінеді. Ал нақты «Жас ғалым» гранттық бағдарламасына 6 миллиард теңге қарастырылады.

Дархан Ахмед-Заки, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Біз осы ғылыми атақтарға қосымша төлемақыны ұлғайттық. Нәтижесінде Phd қорғағағаннан кейін ол доцентті ала ма, профессор ала ма, керек болса ғылыми бағытта карьера құруы үшін төлемақыны арттырдық. Қазіргі таңда жастарды қолдау, ғылымға тарту – министрлік тұжырымдамасында көрсетілген көрсеткіштердің бірі. Бұл жұмысты екі бағытта жүзеге асырамыз. Біріншіден, қаржы бөлу. Екінші бағыт – әлеуметтік қолдау.