Көкшетауда С. Сейфуллинге арналған конференция өтті

Ұлт зиялыларының өмір жолы мен шығармашылығын жастарға кеңінен насихаттау керек. Себебі қазір тарихи тұлғаларға қатысты алыпқашпа әңгіме көбейді. Көкшетауда Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық конференцияда отандық ғалымдар осындай бастама көтерді.

Алқалы жиынға танымал тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысты. Олар мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің көпшілікке беймәлім қырларын баяндап, зерттеу еңбектерімен таныстырды. Сондай-ақ Алаш ардақтыларын жаңаша бағытта зерттеп, жастарға жеткізу жолдарын талқылады.

Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы:

- Буын ауысады, жаңа толқын келеді. Олар біздің тарихи тұлғаларды қаншалықты біледі? Екінші кейбір тарихи тұлғаларға қатысты артық ауыз әңгімелер де бар. Біздің зиялыларды сол дәуірдің көзімен емес, бүгінгі көзбен қарау керек. Оларды не біріктірді, қандай жағдайлар топтастыра түсті. Әрине, ұлттың мүддесі, қиын кезден жақсы алып өту. Бізге зиялыларымыздың тұтастығы маңызды.