Ел тарихында алғаш рет мұғалімдерге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Ел тарихында алғаш рет екі мұғалім «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды.

Ұлық мереке қарсаңында мерейі үстем болғандардың бірі- алматылық Гүлжанар Нұрпейісова. Ол №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп интернатта қызмет етеді. Бар күш-жігері мен білімін бала тәрбиесіне жұмсаған білікті педагог, Мемлекет басшысының жарлығымен жоғары марапатқа лайық деп танылды. Тәжірибелі маман соңғы жылдары еліміздің білім саласында оңды өзгерістер болып жатқанына қуанады. Сондай-ақ дәл осындай мәртебелі марапат Оралдағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп -гимзаниясының мұғалімі Эльмара Траисоваға табыс етілді.

Гүлжанар Нұрпейісова, №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі:

- Педагог мәртебесін көтеру заңынан кейін педагогтердің жалақысы алғаш 25 пайызға, одан кейін 4 жыл көлемінде екі есе жалақылары артты және педагогтарға үлкен жағдайлар жасап жатыр, жұмыс істеуіге еркін жұмыс ісктеуіне. содан бол осы салаға түсушілердің саны көбейді.