Ғалымдар инсульттен кейін ағзаны қалпына келтіру құрылғысын ойлап тапты
Ұлыбритания ғалымдары инсульттен кейін ағзаны қалпына келтіруге арналған құрылғы жасап шықты.
Білекке бекітілетін инновация аяқ-қолы бүгілмей қалған науқастардың жүруге жауапты бұлшықеттерін оятып, оңалтады. Сондай-ақ ми бұзылыстарын реттеп, емделушінің әр қадамын бақылап отырады. Зерттеуге қатысқан науқастардың көбі 2 айдан соң оң нәтижеге қол жеткізген.
Джумпей Кашивакура, жоба авторы:
"Ми қозғалтқышы мен аяқ-қолдың сенсорлық қозғалысы арасындағы байланыс өте маңызды. Бұл жүйкені қайта қалпына келтіріп, жүріп-тұру қызметіне жол ашады".
Лиза Винсент, емделуші:
- Өздігіңнен қозғалып, жүре алған қандай керемет әсер! Бұл құрылғының пайдасы өте көп.
Америкада жүруге бейімдейтін құрылғы жасалды
АҚШ
Ал Америкада зерттеушілер науқастардың жылдам қалпына келуіне көмектесетін экзоқаңқа құрастырды. Бұл адам аяғына жалғанып, қозғалысқа итермелейтін механикалық автоматтандырылған құрылғы. Технологияның адам денесіне жанасатын тұстарында сенсор орнатылған. Ол науқасты оңалтып, жүріп-тұруды қайта үйретеді.