Елімізде арнайы білім беретін мұғалімдер жетіспейді

Елімізде ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер тапшы, деп хабарлайды 24kz.

Жетіспеушілік, әсіресе, Астанада, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалады. Оқу-ағарту министрлігі мәселені шешу үшін «педагог» кәсіби стандартына «педагог-ассистент» мамандығын енгізуді көздеп отыр. Мұндай мамандық тіпті мектепке дейінгі ұйымдарда да болады. Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, арнайы мамандардың дайындығы келер жылдан басталады. Қазірдің өзінде тірек-қимыл аппараты бұзылған, яғни, өздігінен қозғала алмайтын балалар үшін мектептерде «жеке көмекші» тағайындалып отыр.