Жайлы мектеп: Абай облысында төрт білім ордасы салынып жатыр
Абай облысында биыл екі мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 200-ге жуық бала орынмен қамтылды.
Одан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ауыл-аймақтағы медицина саласын дамыту мақсатында елдімекендерде 31 медициналық нысанды пайдалануға беру көзделген. Ауылшаруашылығы саласында жетістік мол. Облыс шаруалары 1 миллион тоннадан астам өнім жинап, қамбаны толтырды.
Өңірдегі орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 4 жайлы және 6 шағын жинақты мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл көпфункционалды оқушылар сарайының құрылысы басталды. Нысан 2025 жылы қолданысқа беріледі. 2027 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2100 орындық 9 балабақша бой салынады.
Нұржан Ахметқалиев, білім басқармасының басшысы:
- Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайту мақсатында, 46 мектепке 48 жаңа модификациялық кабинеттер,320 интерактивті тақталар алынып, мектептердің материалдық-техникалық базалары нығайтылды. Сонымен қатар 2024 жылы 4 тірек мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс «Қазақстан халқына қорының» 1 млрд теңге қаражаты арқылы жүзеге асты.
Биыл облыс орталығында 1200 орындық IT мектеп пен «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» ашылды. Қымбат Тілеубердиева нөмірі 50-ші мектепте информатика және робототехника пәндерінен сабақ береді. Ұстаз IT саласын тереңдетіп оқытатын білім ордасы, жастарға үлкен мүмкіндік беретінін айтады.
Қымбат Тілеубердиева, информатика пәнінің мұғалімі:
- 11-сыныптарда бізде ерекшелегі таңдау пәні аптасына екі рет болады. Графика деген сабақ бар. Бұл инженер, графика модельдеу сияқты мамандықтарды болашаққа дайындау. Қазір жасанды интеллектіні айта кетсек, оқушылардың ойлау қабілеті қазір жоғары.
65 медициналық нысан жаңғыртудан өтеді
Абай облысында 9 мыңнан астам медициналық қызметкер жұмыс істейді. Биыл ауыл-аймақтағы медицина саласын дамыту мақсатында 2 млрд теңгеге 220-ға жуық техника сатып алынды. Аймақтағы денсаулық сақтау саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 8 млрдтан артық қаржы бөлінді.
Талғат Молдабеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Қазір елімізде «Ауылдық медицинаны жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Оған Абай облысы да белсенді қатысуда. Қазір ауыл-аймақтардағы медициналық нысандардың дені ескірген. Осы жоба аясында медициналық амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер жаңғыртылады. Жиыны 65 ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылады.
Келер жылы аграрлық салада 7 жоба жүзеге асады
Абай облысында ауылшаруашылығы саласында да жақсы нәтиже бар. Жыл басынан 8 млрд теңгеден астам қаржыға 616 техника сатып алынған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында асыл тұқымды мал басы көбейді. 11 айдың қорытындысы бойынша асыл тұқымды жылқы саны 3 мыңнан асқан. Бұған қоса биыл өңір шаруалары егістіктен 1 млн тоннадан артық өнім жинады.
Мирас Тоқтарханов ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Ағымдағы жылы су үнемдейтін технологиялардың арқасында ауылшаруашылығы дақылдарының алқабы 13,9 мың гектарды құрады. Бізге берілген жоспар 13,1 мың гектарды құраса жоспардың орындалуы 105 пайызды құрап отыр. Бұл өте керемет көрсеткіш. 2025 жылы 7 жоба іске асады. Жалпы сомасы 7,4 млрд теңге. Соның ішінде 6 млрд теңге «Солтүстік Қазақстан облысын тираждау бағдарламасы бойынша бағытталады.
Биыл алғаш рет көктемгі егіс пен егін жинау науқанына бес пайыздық мөлшерлемемен несие берілді. «Кең дала» бағдарламасы бойынша бұған шамамен 4 млрд теңге бөлінген. Аталған бағдарлама келер жылы егін жинау науқанын сәтті аяқтауға мүмкіндік береді.
Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов