Екібастұзда «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы ашылды

Екібастұзда жаңа «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы ашылды.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынды. Президенттің 2023 жылдың тамыз айында кеншілер қаласына сапары барысында қала тұрғыны, көпбалалы ана Аяна Смағұлова кеншілер мен энергетиктер шаһарында балаларды қосымша біліммен қамтитын орталық жоқ екенін айтқан болатын.

Аяна Смагұлова, көп балалы ана:

- У нас очень хороший город. Мы его любим. У нас есть музыкальная школа. В принципе больше такого ничего нету и вот хотелось бы если будет возможность то Дом творчества для наших детей, для развития, чтобы наши дети были всесторонне развиты.

Қасым-Жомарт  Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Этот момент очень правильный. Беру на заметку и сейчас вот, буквально в вертолёте я дам поручение. Изыщем средства в короткие сроки обязательно построим Дом творчества. Такой, знаете, мини Дворец пионеров или, как то, что то вроде этого. 

Көп балалы ана, Аяна Смағұлова армандаған «Самғау» Балалар шығармашылығы орталығы қысқа мерзімде салынып бітті. Жобаның жалпы құны 5,3 млрд теңге. Толық демеушілердің қаржысына салынған. Жалпы ауданы 7 мың 200 шаршы метрді құрайтын заманауи орталықта 9 мыңнан астам бала, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар 12 бағыт бойынша қосымша білім алуға, уақыттарын қызықты өткізуге, өз-өздерін дамытуға мүмкіндік алды. Орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларға толықтай бейімделген, лифт және көтергіш құрылғылармен, тифло- және сурдоқұрылғылармен жабдықталған.

Аяна Смағұлова, көп балалы ана:

- Жақсы керемет, балалар үшін қуаныштымын ең бастысы. Балалар үшін ғой барлығы. Отанымыз үшін сол. Керемет бәрі жақсы, осындай зәулім заман талабына сай енді орталық салынып отыр. Сол үшін қуаныштымын.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

- Бұл балаларға арналған шығармашылық орталық Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің тікелей тапсырмасына сәйкес бой көтерді. Бұл Екібастұздың балаларының, 16 мыңнан астам жаңағы балаларға қосымша білім беруге жол ашады. Айтып кететіндей негізі Екібастұздың жалпы тек қана 30 пайыз балалар ғана осы қосымша біліммен қамтылған еді осы ғимараттың ашылуы алдында дәл осы орталық «Самағау» орталығы балалардың қосымша біліммен қамтылған деңгейін 70 пайызға дейін көтереді.