Студенттердің шәкіртақысы өседі

Жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы өседі.

Биыл университет және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. 1- қыркүйектен бастап бакалавриат студенттері - 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін шәкіртақы төленеді. Магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға 262 500 теңгеге дейін өседі. Ал интернатурада оқитын студенттерге – 94 862 теңге, резидентурадағы шәкірттерге 134 664 теңге көлемінде төленеді. Сонымен қатар емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары шәкіртақы алу мүмкіндігі сақталады. Айта кетейік, студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Шәкіртақы өседі.

ЖОО мен колледж студенттері үшін  - 2 есе

магистранттар мен докторанттар үшін - 1,75 есе артады.

Бакалавриат студенттеріне - ₸ 52 372

Педагогикалық және медициналық білім алушыларға – ₸84 000  Магистранттарға – ₸ 117 098 

Докторанттарға – ₸262 500

Интернатура – ₸94 862

Резидентура – ₸134 664