Биыл Ақмола облысының 20 мектебінде робототехника кабинеті ашылады
Осылайша, жүздеген бала ІТ-теxнологияларды терең оқып, білімін шыңдайды, деп хабарлайды 24kz.
Жалпы ақмолалық оқушылар робототехника бойынша республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп жүр.
Макинск қаласындағы Балуан Шолақ атындағы оқушылар арнайы кабинетсіз де робототехниканың қыр-сырын игерген. Рауан Шайзан мен Расул Зандыбай қарапайым роботтарды құрастырудан бастап бағдарламалауды үйренді. Жақында оқушылар бұйрықтарды орындайтын және өндірісте қажет болуы мүмкін робот жасады. Осылайша, Түркиядағы халықаралық байқауда үздік бестікке енді.
Рауан Шайзан, оқушы:
- Бұл роботтар болашақта адамның орнына жұмыс істеуі мүмкін. Және бұл роботтардың көмегімен біз талай нәрсеге қол жеткізе аламыз. Мысалы бұл роботтармен біз өзіміздің қалаған көлігімізді жасай аламыз, қалаған бір жүретін, біз айтқан тапсырмаларды орындайтын бір робот құрай аламыз.
Өңірде робототехника кабинеттері кезең-кезеңімен ашылып келеді. Мысалы облыс орталығындағы бұл жаңа кабинет заманауи техникамен жабдықталған. Мұнда 3D-принтерлер, бірыңғай робот үлгілері, steam-зертхана бар. Мұғалімдердің айтуынша, осындай жағдайда балалардың ғылыми-техникалық салаға қызығушылығы арта түседі.
Минас Ерланұлы, робототехника пәнінің мұғалімі:
- Бізге соңғы үлгідегі робот-гуманоид келді. Ол біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетіп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Яғни, бағдарламалау арқылы біз оқушыларға бейімдік сабақты үйретеміз. Және де жасыл энергетика келді. Яғни, оқушыларға күн сәулесі, жел арқылы қалай энергия алуға болады, соны көрсететін боламыз.
Былтыр облыстың жиырма мектебінде жаңа робототехника кабинеттері пайдалануға берілді. Бұдан бөлек «Болашақ инженерлер» жобасы аясында Степногорск қаласының мектептерінде 13 жаңа кабинет жабдықталды.
Рүстем Күлниязов, Аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы директорының орынбасары:
- «Тегін сыныптар» жобасы облыстың мектептердің барлығын қамтиды. Мұғалімдер жыл роботехника бойынша біліктерін арттырып, ал оқушылар болса республикалық және халықаралық Robotex және RedFest сияқты конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға тұрақты түрде иеленіп келеді.
Жалпы өңірдегі 220-дан мектепте робототехника кабинеті бар. Сонымен қатар көптеген оқу орны steam-зертханалармен жабдықталған.
Авторлары: Аслан Әбутәліпов, Виктор Полянный, Евгений Шинкаренко