Қызылорда облысында алдағы бес жылда 65 инвестициялық жоба іске қосылады

Алдағы бес жылда Қызылорда облысында 65 инвестициялық жоба іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.

Нәтижесінде сыр өңіріне 1 трлн 900 млрд теңге көлемінде қаржы құйылмақ. Межелі міндет аймақта сегіз мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысына Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі баяндады. Нұрлыбек Нәлібаев былтырғы жылдың нәтижесі туралы да есеп берді. Экономиканы әртараптандыру мақсатында облыста 21 инвестициялық жоба іске қосылыпты.

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Аймақтың экономикалық өсімі 7%-ті құрады. Жыл қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Өзіңіздің қолдауыңызбен облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Мұнай қорының 15 жылдан астам төмендеуін ескере отырып, өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық салаларымен қатар мұнай-газ өңдеу саласын әрі қарай дамытудамыз.