Алматының мектеп асханаларында заңбұзушылық анықталды

Алматыда оқу жылы басталғалы мектеп асханаларынан 18 түрлі заңбұзушылық анықталды.

Мектеп асханаларының тазалығы мен тәртібін ата-ана, мұғалімдер, санитарлық бақылау және денсаулық сақтау басқармасы мамандарынан құрылған 62 адам күнделікті тексеріп отырады. Жалпы алматылық оқушылардың тегін тамақтануы үшін жергілікті бюджеттен 18 миллиардтан астам теңге бөлінген. Мегаполисте төртінші сыныпқа дейінгі 127 мың бала мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан 8 мың бала тегін тамақтанады. Ел бойынша оқушыларға арналған жаңа ас мәзірі алдағы оқу жылынан бастап енгізілуі мүмкін. Қазір ұлттық элементтері бар тамақтану стандарты қайта қаралып жатыр.

Сайран Сайфеденов, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Алматы қаласының барлық мектептерінде жұмысты күнделікті комиссия жүргізеді деген. Ата-ана, мектеп әкімшілігі мәзірді бақылап отырады. Ол бастауыш сыныпқа, орта, жоғарғы сыныптарға қарастырылған. Соның бәрін қарап, салмағын, дәмін тексеріп, бақылап отырады.