Балқаштағы жеті мектепте STEAM-зертхана ашылды
Балқаш қаласындағы жеті мектепте STEAM-зертхана ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Жаңадан жабдықталған оқу кабинеттерінде оқушылар инженерия, физика, математика, биология бойынша қосымша білім алады. Ғылыми жобалармен айналысып, түрлі тәжірибелік сынақ жүргізеді.
Қазір STEAM-зертханаларда 300 бала білімін шыңдап жүр. Оларға сабақ беретін мұғалімдер арнайы біліктілікті арттыру курсынан өткен. Балалар алған теориялық білімін жергілікті кәсіпорындарда өндірістік тәжірибемен ұштастырады.
Қарлығаш Дүбірбекова, қалалық білім бөлімінің басшысы:
- «STEAM-Балқаш Серпін» жобасына математика, яғни жаратылыстану пәндері технологиямен кіріктіріледі. Яғни баланы жаңа технологиялық жобалар жасауға, әдіс-тәсілдер жасауға икемдейді. Енді қазір ғылым мен техника дамыған заман ғой. Жұмысшы мамандары керек. Бірақ сол жұмысшы мамандықтардың барлығы технологиялық процестермен жұмыс істейді. Осыған оқушылардың барлық дағдысын жетілдіруге мүмкіндік береді.