Биыл 112 жайлы мектеп салу көзделді
Биыл елде 200-ге жуық мектеп салынады.
Шамамен онда 300 мың оқушы білім алатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аудандық және ауылдық мектептерді жаңғырту жұмысы да қарқынды атқарылмақ. Мәселен алдағы үш жылда елдің барлық өңіріндегі мыңнан астам мектепті реновациялау жоспарланып отыр. Оның 800-ден астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Мұндай шара, білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жақсартуға және педагогтардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаппай қалаға көшу мәселесін шешеді. Бұдан бөлек қазір «жайлы мектеп» ұлттық жобасы да сәтті жүзеге асуда. Оның аясында былтыр 105 мектеп іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 112 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. Мұндай білім ордаларының көлемі, типтік мектептерге қарағанда 15-20 пайызға кеңірек. Сондай-ақ техникалық жарақтануы 4 есе артық. Онда инклюзиялық білім беруге айырықша көңіл бөлінеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кабинеттер болады.
2025 жылы – 200-ге жуық мектеп салынады, 112 жайлы мектеп салынады
Алдағы үш жылда – 1231 мектеп реновацияланады