Azerbaijan Airlines-тың Embraer-190 ұшағы ұшыраған апатты тергеудің алдын ала есебі жарияланды
Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есепті жариялады.
Ұшаққа бөгде металл затпен зақым келгені анықталды. Баяндама 53 беттен тұрады. Қорытынды есеп ұшақ апатына қатысты зерттеу жұмыстары аяқталған соң жарияланады, делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болған. Олардың 38-і қаза тауып, 29-ы адам аман қалды.
ҚР Көлік министрлігінің ресми сайтында Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer-190 жолаушы ұшағы ұшыраған апатты тергеудің алдын ала есебі жарияланды.
Есепті мына сілтеме арқылы көруге болады.