Еліміздің сегіз өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды
![Еліміздің сегіз өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды](/media/k2/items/cache/88c2d36518d4a11fb1d7dae57c6a4708_XL.jpg?t=20230422_034906)
Елдің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Батыста, солтүстікте және орталықта күн күркіреп, найзағай ойнайды. Шығыста тұман түссе, оңтүстік-батыста құмды дауыл тұрады. Жетісу облысында түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Синоптиктердің айтуынша, циклон Қара теңіз аймағынан келеді.