Елімізде 1 шілдеден бастап 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі
Кесте жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша белгіленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Яғни, аптаның қай күні үшінші демалыс болатынын тараптар өздері келісіп алады. Алайда ол жалақыға еш әсерін тигізбейді және қызметкер жұмыс уақытын бұрынғыдай айына 40 сағатқа толтыру керек. Яғни, бір апта 4 күндік жұмыс істеген жұмысшы келесі апта 6 күн жұмыс істеуі мүмкін. Сондай-ақ мұндай кесте қызметкердің еңбек демалысының ұзақтығы мен жұмыс өтілін есептеуге әсер етпейді.
Шалқар Оразбеков, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы:
- Еңбек кодексі бірде-бір салаларға бағытталған емес. Жалпыға ортақ. Жекелеген бір салалар бар. Мүмкіндігі жоқ. Кейбір салалар бар. Мысалға келтіретін болсақ, құқық қорғау саласында, мемлекеттік қызмет саласында және денсаулық салаларында. Ол кісілерде ауысымдық жұмыс. 12 сағат. Олардың егер де ұсынылып жатқан жұмыс кестесіне мүмкіндігі болмаса, біз міндеттемейміз. Егер жұмысы мүмкіндік беретін кез келген ұйымдар, өндірістік мүмкіндік болып жатса, онда, әрине, шектеу жоқ.