Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
![Елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды](/media/k2/items/cache/0c028ec1c935868243da53f26faf2e3c_XL.jpg)
Қазгидрометтің мәліметінше, Жетісу, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарында жел екпіні секундына 20 метрге жетеді.
Таулы аймақтарда қатты жаңбыр күтілуде.
Сондай-ақ Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстарында да ауа райы нашарлап, қатты жел тұрады. Дауылды ескерту елордада да жарияланған, бас қалада тұман түсіп, көктайғақ болады.