Елімізде алдағы үш күн бойы ауа райы құбылмалы болады
Қазгидромет мәліметінше, оңтүстік-шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.
Солтүстік, батыс және шығыс облыстарда ауа температурасы 8 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Барлық аймақта қалың тұман түседі.