Ауа райы болжамы: жел күшейіп, қар жауады

Ауа райы болжамы: жел күшейіп, қар жауады

Қазгидромет ел аумағында 17 желтоқсанда болатын метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар түсуі мүмкін. Еліміздің батысында қар қалың жауып, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі», — деп жазды ведомстводан. 

Республиканың тек солтүстік, шығыс өңірлеріне антициклон сілемі әсернен ауа райы көбіне жауын-шашынсыз сақталады. 

ҚР бойынша желдің күшеюі ықтимал.