Еліміздің аумағында ауа райы құбылмалы болады
![Еліміздің аумағында ауа райы құбылмалы болады](/media/k2/items/cache/be0b48c366768ac1244a20646a02797f_XL.jpg)
Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және екпінді жел соғады.
Солтүстік Қазақстанда, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жел тұрады. Күші 30 м/с және одан да жоғары болады.