Астана күніне орай қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі
Мемлекеттік маңызы бар мереке — Астана күні 2026 жылы дүйсенбіге түседі, деп хабарлайды «24KZ».
Осыған байланысты қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында үш күн қатарынан демалады – 4, 5 және 6 шілде күндері. Алты күндік жұмыс кестесі бойынша демалыс күндері 5 және 6 шілдеге сәйкес келеді.
Астана күні дәстүрлі түрде 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл мереке ел астанасының 1998 жылы Алматыдан Ақмолаға (қазіргі Астана) көшірілуіне байланысты белгіленген.