Жеміс-жидектегі пестицидтер қалай анықталады?

Бүгінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде зертханалық бақылаудың ролі орасан.

Нарықта пестицидтердің алуан түрі бар. Оның үстіне әр тағамның өзіндік құрылымына қарай арнайы талдау әдісі таңдалады. Әсіресе жеміс-жидек пен көк шөп құрамындағы химиялық заттардың рұқсат етілген нормадан асып кетпеуі жіті қадағаланады. Мамандардың айтуынша, пестицидтердің ағзаға ұзақ уақыт түсуі жүйке жүйесі мен бауырға кері әсер етіп, қатерлі ісік қаупін тудыруы ықтимал. Қауіптің алдын алу үшін отандық зертханаларда жоғары дәлдіктегі заманауи әдістер қолданылады.

Абылай Қайратов, ҚР ПІБ МО "СЭСО" диоксиндерді анықтауға арналған ЖДЗ зертханасының маманы:

- Біздің жоғарғы дәлдік зертханада көбінесе Хроматографиялық әдіс қолданылады. Яғни ол сұйықтық хроматографиясы  және газды хроматография қолданылады. Себебі хроматограф өзі өте төмен деңгейдңгі өте кіші констрацияларды анықтай алады. Яғни пестицидтердің өте төмен констр. анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңға дейін жақсы десек те болады. Себебі  пестицидтердің мөлшері азық-түлікте асып кеткені анықталмаған.