БЖЗҚ салымшылары үшін мүмкіндіктер кеңейді
Енді қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жекеменшік басқарушы компанияларға бере алады.
Бұған дейін басқаруға берілетін қаражат көлеміне шектеу қойылса, енді салымшы оның мөлшерін өзі белгілейді. Тіпті жинақты бірнеше басқарушы компанияға бөліп орналастыруға мүмкіндік бар. Өзгерістің тағы бір ерекшелігі - инвестициялық стратегияны да салымшының өзі таңдайды. Басқарушы компаниялар үш түрлі портфель ұсынады: консервативті, қалыпты және тәуекелі жоғары. Олар бір-бірінен түсетін табысы және инвестициялау мерзімімен ерекшеленеді.