E-Gov Mobile қосымшасында жаңа қызмет қосылды
Енді қазақстандықтар отбасының әл-ауқат деңгейін eGov Mobile қосымшасы арқылы бағалай алады.
Жаңа калькулятор 2027 жылдан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді азаматтардың нақты мұқтаждығына қарай көрсету жүйесіне көшу аясында іске қосылды. Сервис отбасының табысы мен мүлкін ғана емес, әлеуметтік жағдайын да ескереді. Отбасы мүшелерінің саны, балалардың, қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың болуы назарға алынады. Бағалау алты бағыт бойынша 59 көрсеткіш негізінде жүреді. Еңбек министрлігінің мәліметінше, калькулятор нәтижесі тек ақпараттық сипатқа ие. Ол әлеуметтік төлемдерді тағайындауға немесе тоқтатуға негіз болмайды.