Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні өтіп жатыр
Елімізде Republic Day және Bereke Fest акциясының бүгін соңғы күні.
Тұтынушылар тауарларды арнайы бағамен сатып алып, сауда орындарының мерекелік ұсыныстарын пайдаланып қалуына арнайы мүмкіндік жасалып отыр.
Ауқымды шара республикадағы барлық өңірді қамтыған. Оған 649 сауда нысаны қосылды. Оның ішінде Republic Day аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы, 417 сауда желісі қатысып жатыр. Тұрмыстық керек-жарақтан бастап киім-кешекке дейін қарашаға қолжетімді бағада ұсынылу көзделген.