Абайлаңыз, импорт! Тісті түзетудің жолдары қандай?

pokupon.ua

Бүгінде маржандай тізілген әдемі тістерімен мақтана алатындар қатары көп емес. Себебі тіс күтіміне бала кезден мән бере бермейміз. Тіпті бізге 25 жасында келіп жататындар да бар дейді осы саланың мамандары.

Адамның тістеуі дұрыс болмаса, бұл оның буындарының функционалды бұзылуының белгісі. Бұл мәселені дер кезінде қолға алмаса, кейін протездеу кезінде де қиындықтар туындайды екен. Алайда бұл саладағы заманауи үлгідегі аппараттардың арқасында оны шешудің жолдары бар. Бұл тіске салынатын қосымша алмалы-салмалы капалар немесе элайнерлер. Оны тек қисықтықты түзеу үшін ғана емес, жақтарды жұмғанда тістеудің ізін дұрыстап, қалыпқа келтіру үшін де пайдаланады. Жалпы 30 жастан кейін тістерді түзетуге бола ма? Тіске салынатын бұл құралдарды қандай жағдайда және қалай кию керек? Мамандар не дейді?