Абайлаңыз, импорт! Бет кремін таңдау

Әлемде экономикалық тұрақсыздық орнаған сайын әйелдер қауымы өздеріне бұрынғыдан бетер көңіл бөлетіні дәлелденген. Дағдарысқа қарамастан, арулар өз сұлулығын сақтау үшін көп қаражат жұмсайды. Ал косметика сатып алу нәзік жандыларға антидепрессант ретінде әсер етеді. 

Айта кетейік, теріге жағуға арналған кремдерді таңдағанда ақшаны үнемдемеген абзал. Өйткені косметологтар мен тері аурулары дәрігерлерінің айтуынша, кез келген адам жасына қарамастан, крем жағып жүруі керек. Бетке арналған кремнің адам үшін атқаратын міндеті көп, ол қорғайды, әрлендіред, ылғалдандырады, қажет болса, емдеп, терінің кемшіл тұстарын жасырады. Тұтынушының алдында туындайтын ең бірінші мәселе – өзіне қажеттісін таңдап алу. Осы бағдарламамызда бетке жағатын кремді таңдау құпиясымен бөлісетін боламыз.