Тұман, 40 градус аяз: төрт облыста ескерту жарияланды

Тұман, 40 градус аяз: төрт облыста ескерту жарияланды
NewTimes.kz

Қаңтардың 5-8-і күндері бірқатар өңірде тұман, аяз күтіледі.

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус аяз сақталады. Өскемен, Риддер қалаларында 6 қаңтар сағат 21:00-ге дейін ІІ дәрежелі ҚМЖ сақталады.

Жамбыл облысы

6-8 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тараз қ.: 6-8 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

БҚО

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 6 қаңтар түнде және таңертең тұман күтіледі.

СҚО

6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 6 қаңтарда түнде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.