Қостанай облысында 26 жол учаскесі жабылды

Қостанай облысында 26 жол учаскесі жабылды

Ақтүтек боранға байланысты Қостанай облысында республикалық және облыстық деңгейдегі 26 жол учаскесі жабық тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық көлік қозғалысына шектеу қойылған. Төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері таңертең жолда қалған 11 көлікті қар құрсауынан шығарып, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Рудный, Әулиекөл, Денисов ауданы бағыттарында әлі де ауыр жүк пен жеңіл көліктер кептелісі байқалады. Жол бойында 23 жылыту бекеті құрылған.

Азамат Орынбаев, ТЖД бастығының орынбасары:

- Облыс бойынша біз жол талғамайтын техниканы арнайы қойып қойғанбыз. Ол біріншіден, мынау Арқалық, Амангелді, Жітіқарада,  қазір ауа райы өзгеріп тұрған жерлерде техника тұр. 10-15 минут ішінде егер хабарлама түсетін болса, арнайы көмекке шығуға арнайы топ құрылып тұр.