Синоптиктер еліміздің төрт облысында ескерту жариялады

фото: 360tv.ru

Еліміздің 4 облысында қардың тез еруіне байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жазық аймақтарында қардың жылдам еруі қиындықтар туғызуы мүмкін.

«2021 жылғы 28-29 наурыз аралығында температура жылы болады және жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жазық өңірлерінде қардың тез еруі мүмкін және еріген қар суының жайылуы ықтимал», - деп жазылған мекеме сайтында.