Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

23-25 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-24 сәуірде екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде 23-24 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Таразда тұман болады. Күндіз 23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавлда 23 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 24 сәуірде күндіз екпіні 23-28 м/с.

23 сәуірде күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Қызылорда қаласында 23 сәуірде күндіз шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с.

23-24 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 23 сәуірде күндіз екпіні 25 м/с. Түркістан қаласында 23 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, бұршақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда 23 сәуір найзағай күтіледі.

23 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтауда 23 сәуірде түнде және таңертең найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

23 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қаласында 23 сәуірде найзағай, кей уақыттарда шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.