Елордадағы Байсейітова көшесі мен Иманов көшесіндегі көпір жартылай жабылады

Елордадағы Байсейітова көшесі мен Иманов көшесіндегі көпір жартылай жабылады

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Күләш Байсейітова көшесі мен Иманов көшесіндегі көпірдің жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

3 және 4 шілде күндері жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Иманов көшесіндегі көпір, яғни Қ.Мұңайтпасов көшесінен А.Янушкевич көшесіне дейінгі аралық жартылай жабылатын болады. Атап айтқанда, жол төсемінің беткі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар биыл 3-9 шілде аралығында Күләш Байсейітова көшесінде Конституция көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі бөлігі ішінара жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.