Саяхатшыға кеңес: чемоданды қалай дұрыс таңдау керек

Саяхатшыға кеңес: чемоданды қалай дұрыс таңдау керек
Vecteezy

Ыңғайлы және жайлы саяхат үшін ұшуыңызға, қалауыңызға және әрине қауіпсіздігіңізге сәйкес келетін чемодан сатып алу қажет.

Біз бұған дейін күзде саяхаттау несімен тиімді екенін жазған болатынбыз. Төмендегі кеңестерге құлақ түріп, саяхатқа аттаныңыз.

1. Түсі

Қара чемодан алуға тырыспаңыз. Жарқын түс – ең жақсы нұсқа: сіз оны оңай тани аласыз, оны біреудің шатастырып алып кету мүмкіндігі аз. 

2. Дөңгелектер

Төрт дөңгелегі бар чемодан алыңыз, өйткені ол қатты соққылардан, жарықтар мен тербелістерден қорғайды.

3. Көлемі

Саяхатта көп сауда жасайтын адамдар үшін өте маңызды.

4. Материалы

Көбісі жеңіл деп жұмсақ чемодандарды алып жатады, алайда поликарбонатты чемоданды сатып алған дұрыс, жұмсақ жол сөмкесі сияқты шаң болмайды, ішіндегі заттар да қауіпсіз болады.