Қандағы темір тапшылығының алдын алу жолдары

Қандағы темір тапшылығының алдын алу жолдары

Соңғы жылда елордалық зерттеу лабораторияларының бірінде 211 мың адам қан талдауын жасатқан. Әр төртінші азаматтан темір тапшылығы анықталды.

Олардың 74 проценті әйел болса, қалған 26 проценті ерлер. Әсіресе жастар осы дертке жиі шалдығатын көрінеді. Қан тапшылығын болдырмау үшін ет, бұршақ тұқымдастар, қарақат сынды азық-түлікті жеген жөн. Сондай-ақ темірдің ағзаға сіңірілуін қамтамасыз ететін С дәрумені де назардан тыс қалмау керек. Дәрігерлер анемиясы барларға шай мен кофеден бас тартуды ұсынады. Жалпы бұл аурудан толық айығып шығу үшін кемінде 3 ай уақыт қажет. Алайда ем-домды бастамас бұрын темір тапшылығының себептерін анықтап алған абзал.

Асылжан Ареков, клиникалық-диагностикалық зертхананың бас медициналық өкілі:

- Қаралғандардың 25%-інде темір тапшылығы анықталды. Темір тапшылығы анықталған пациенттердің басым бөлігі 19-25 жас аралығында, олардың 34%-інде аталған микроэлементтің жетіспеушілігі бар. Темір тапшылығы ең сирек анықталған пациенттер 0-7 жас тобына енеді, олардың тек 16,5%-нда темір дефициті бар.