«ECO MEKEN» реалити-шоуы: финалистерге дауыс беру басталды

«ECO MEKEN» реалити-шоуы: финалистерге дауыс беру басталды

«ECO MEKEN» – экологиялық тақырыптағы алғашқы қазақстандық реалити-шоу. Бағдарлама қатысушылары өз тәжірибесі мен түсірілім кезінде бастан кешкен оқиғалары арқылы барлық үлкен эко-жоба кішігірім жұмыстан басталатынын көрсетеді.

Шоуға 16 үміткер қатысты. Олар түсірілім барысында білімін арттырып, елдің экологиялық хал-ахуалын жақсарту жолында үлкен тәжірибе жинады.

Қатысушылар екі топқа теңдей бөлінді. Олар жартылай финалға дейін бірге жұмыс істеді. Әр апта сайын топ мүшелері берілген тапсырманы орындауы керек болатын. Тапсырмалар экологиялық мәселелерді шешуге байланысты болды. Берілген шарттарды орындай алмаған топ өз ішінен бір адамды таңдап, жобадан шығарды.

Қатысушылар түрлі сыннан өтіп, өз білімі мен күш-жігерін шыңдай түсті және табысқа жету үшін барын салды.

Реалити-шоудың жеңімпазы 2022 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасатын онлайн дауыс беру арқылы анықталатын болады. Басты жүлде – өз эко-жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алу.