Алматыда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады

Алматыда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады
inform.kz

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады.

7 ақпан Алматы тауларында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстiк-бастыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ болу керек екенін ескертеді.

Алматы қалалық ТЖД мынадай сақтық шараларын да жариялады:

– көшелерден тек жол қозғалысы ережесімен белгіленген орындардан ғана өту керек;

– жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;

– алдыңызға, аяқтың астына қарап жүріңіз;

– қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

– есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті үйдің кіреберісінен де адамдар жиі құлап, жарақаттануы мүмкін.